jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Бір көзі соқыр болса да, ұл берші": әнші Серікбол Сайлаубек әкесі жайлы әңгімеге нүкте қойды

    Серікбол Сайлаубек
    Серікбол Сайлаубек. Видеодан кадр: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

    Әнші Серікбол Сайлаубек осыған дейін бір сұхбатында әкесінің Алладан "бір көзі соқыр болса да, бір ұл берші" деп сұрағанын айтқан болатын. Көпшілік өнер иесінің осы сұхбатынан соң оны әкесіне ренжулі деп жорыған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Серікбол Сайлаубек "Ұйқым келмейді" бағдарламасында ел арасындағы қауесетке нүкте қойды.

    "Мұны кім, қалай жазғанын білмеймін. Мен жалпы оқиғаны айттым. 16-17 жасымда әкемнен айырылып қалдым. Ол кісінің жүрегі тоқтап, марқұм болды. Әйтпесе, әкеміздің жанында болдық. Ол кісіге ренжитіндей жөнім жоқ.

    Мен анамның айтқан әңгімесін баяндап бердім. Әкем Алладан "бір көзі соқыр болса да, ұл берші" деп сұрапты. Төрт қыздан кейін ұл сұраған. Әр ер адамға ұл керек қой. Менің туғаннан сол жақ көзім көрмейді. Осы әңгімеден кейін көпшілік басқаша түсінген екен. Ал "әкесіне ренжулі" деген әңгіме қате. Әкеме ешқашан ренжімегенмін. Мұндай әңгімеден аулақ болыңыздар. Әке деген асқар тау", - деді Серікбол Сайлаубек.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Серікбол Сайлаубек жұбайымен осыдан 4-5 жыл бұрын ажырасып кеткенін мәлім еткен болатын.

    "Бір көзі соқыр болса да, ұл берші": әнші Серікбол Сайлаубек әкесі жайлы әңгімеге нүкте қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.