jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Келіндер тойламайды": Жазира Байырбекова енесінің сөзінен кейін туған күнді атап өтпейтінін айтты (видео)

    Жазира Байырбекова енесімен
    Жазира Байырбекова енесімен. Скриншот: instagram.com/zhazira_bairbekova

    Әнші Жазира Байырбекова көпшілікке күйеуінің анасын көрсетті. Өнер иесі 85 жастағы енесінің видеосын Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Жанболатты дүниеге әкелген анамыз. Енемнің жасы 85-те. "Туған күніңізді неге тойламайсыз?" деген сұраққа жауабым осы. Келін болып түскенде апамның "Біздің ауылда келіндер туған күнін тойламайды" дегені санамда қалып қойыпты.

    Қазір бәрі өзгерді. Тойлаймын десек қарсы болмайды ғой. Аллаға шүкір, аналарымыздың батасымен өсіп, өніп жатырмыз", - деп жазды Жазира Байырбекова.

    Айта кетейік, осыған дейін Жазира Байырбекова көпшілікке ауылда тұратын туған әпкесін таныстырған болатын.

    "Келіндер тойламайды": Жазира Байырбекова енесінің сөзінен кейін туған күнді атап өтпейтінін айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.