jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Әнші Серікбол Сайлаубек әйелімен не үшін ажырасқанын ашып айтты

    Серікбол Сайлаубек
    Серікбол Сайлаубек. Видеодан кадр: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

    Әнші Серікбол Сайлаубек жақында жұбайымен отбасылық құпиясын бөліскен болатын. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында әйелімен ажырасып кету себебін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Көзім екінші топқа өтті. Кейбір кезде тойға барғанда танымай, өтіп кетемін. Сондай сәтте ол кісіге мені түсінуі керек пе еді? Мен сондай жағдайда арпалысып жүргенде неге бір жағыма шықпады? Ол кезде ешкімнің көңіліне қарайтын жағдайда болмадым. Айттым, енді ол кісі өзі көреді. Өмір мұнымен тоқтаған жоқ. Ең бастысы, басымыз аман, деніміз сау.

    Білмеймін ғой не себеп болғанын? Мен ұрысатын азамат емеспін. Бір бәле бастайтын адам емеспін. Ер адамға не керек? Тамағың бар, киімің таза болса, басқа ештеңе керек емес қой.

    Жағдайын жасадық, бәрі толық. Мен ол кісіні кінәлай да алмаймын. Мүмкін, кінә өзімде де бар шығар. Мен білмедім ғой. Отадан кейін көзім нашарламай, жақсы болып кетсе, әрекетім басқаша болар ма еді? Мен өз-өзіме енді келіп жатырмын. Өзіме мотивация беріп жүрмін. Ол енді сынақ қой. Көтере алатын болғасын, Алла сондай сынақ берген шығар", - деді жан сырын ақтарған әнші.

    Айта кетейік, осыған дейін Серікбол Сайлаубек әйелімен ажырасып кеткеніне 4-5 жылдың жүзі болғанын да баяндап берді.

    Әнші Серікбол Сайлаубек әйелімен не үшін ажырасқанын ашып айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.