jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Бір партада отырдық": Рүстем Нұржігіт мектеп кезінде Ақбота Керімбекованы ұнатқанын ашып айтты

    Ақбота Керімбекова мен Рүстем Нұржігіт
    Ақбота Керімбекова мен Рүстем Нұржігіт. Видеодан кадр: DASTARХАН бағдарламасы

    Әнші Рүстем Нұржігіт пен Ақбота Керімбекова бала кезде бір сыныпта оқып, бір партада отырған. Рүстем Нұржігіт DASTARXAN бағдарламасында Керімбекованы ұнатқанын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Ақбота екеуіміз Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп интернатында оқыдық. Бір партада отырдық. Ақботаны бала кезден ұнататынмын. Екеуіміз ойнайтынбыз.

    Бұл мектепте Ақбота 1-сыныптан бастап оқыды. Мен үшінші сыныпта келдім. Екеуіміздің де мұғаліміміз бір болды. Екі жылдан кейін Ақбота басқа мектепке ауысып кетті. Сол кезде айта алмайтынмын. Ұялып жүретінмін", - деді Рүстем Нұржігіт.

    Ал Ақбота Керімбекова сыныптасының өзін ұнатқанын бағдарлама барысында бірінші рет естіп, таңғалғанын жасырмады.

    "Бір партада отырдық": Рүстем Нұржігіт мектеп кезінде Ақбота Керімбекованы ұнатқанын ашып айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.