jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Мобилограф Қыран Талапбек шетелге көшетінін айтты

    Гүлзада Тұрлаш пен Қыран Талапбек
    Гүлзада Тұрлаш пен Қыран Талапбек. Фото: Instagram/gulzada_tl

    Қазақстандық танымал мобилограф Қыран Талапбек алдағы уақытта әйелімен бірге шетелге қоныс аударатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қыран Талапбек пен әйелі Гүлзада Тұрлаш "Мархабат" бағдарламасында қонақта болып, болашаққа қатысты жоспарын бөлісті. Жас жұбайлар алдағы уақытта Біріккен Араб Әмірліктеріне көшетінін хабарлады. Олар жұмыс бабымен Дубай қаласына қоныс аудармақ.

    "Шетелге көшеміз. Қазақтардың екінші үйі Дубайға кетеміз. Түбегейлі көшіп жатқан жоқпыз. Бірақ менің жұмысым қазір көбіне шетелде өтіп жатыр. Келіссөздер, кездесулер, жобаларым бәрі Дубайда өтеді. Сосын ойлана келе, неге сонда тұрмасқа деп ойладық", - деді Қыран.

    Бүгінде ерлі-зайыпты сол жоспарын іске асыруға кіріскен көрінеді. Себебі Қыран мен Гүлзада қазіргі уақытта Дубай қаласында жүр. Бұл туралы олардың Instagram парақшаларынан белгілі болды.

    Жас жұбайлар Дубайдың әсем жерлерін аралап, желіде фото мен видео жариялауда. Гүлзада Тұрлаш өз оқырмандарына күйеуі екеуі орналасқан пәтерді де көрсетті.

    Мобилограф Қыран Талапбек шетелге көшетінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.