jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Ернар Айдар сырқаттанып қалған Жүрсін Ерманның қал-жағдайын біліп қайтты (видео)

    Жүрсін Ерман Ернар Айдарға бата беріп жатыр
    Жүрсін Ерман Ернар Айдарға бата беріп жатыр. Видеодан кадр: Instagram/ernaraidar_kz

    Қазақстандық танымал әнші Ернар Айдар бүгінде сырқаттанып жатқан әйгілі ақын Жүрсін Ерманның үйіне барып, қал-жағдайын біліп қайтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Эстрада жұлдызы өнердегі ағасымен жолыққан сәтінен Instagram парақшасында видео жариялап, оны қалың көпшілік назарына ұсынған. Бейнежазбада әртістің гүл шоқтарымен Жүрсін Ерманның үйіне кіріп бара жатқанын көруге болады.

    Ернар Айдар көптен бері көріспеген Жүрсін Ерманмен тілдесіп, оған домбырамен ән орындап берген.

    "Бүгін Жүрсін Ерман атамның шаңырағына барып, жағдайын сұрап, біраз әңгімелесіп, қолқалаған соң домбырамен ән орындап, ақ батасын алып қайттым. Жүрсін ата, Алладан дертіңізге шипа тілеймін, 100 жасаңыз. Жүрсін атам баршаңызға сәлем жолдады", - деп жазды Ернар Айдар.

    Желі қолданушылары әншінің әрекетін тәнті болып, Жүрсін Ерманға тез сауығып кетуін тіледі.

    Ернар Айдар сырқаттанып қалған Жүрсін Ерманның қал-жағдайын біліп қайтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.