jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Бір бума ақшаны суға ағыздым": әнші Нұрболат Қанай өмірден өткен інісін еске алды (видео)

    Нұрболат Қанай
    Нұрболат Қанай. Фото: Yerdaulet Zhumayev

    Көпшілікке Qanay лақап есімімен танымал әнші Нұрболат Қанай ел білмейтін сырын бөлісті. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында қайтыс болған інісі жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Дияр деген інім болған. Лейкемия дертіне шалдығып, өмірден озып кетті. Оның еміне ақша жинап жүрдім. Ол кезде мешіт қасындағы намазханада тұрамын. Миск, жайнамаз, кітап сатып жүрген кезім еді. Айына 15-20 мың теңге алатынмын. Өзімше осылай қолдау көрсеткім келген.

    Лейкемияға шалдыққандарға қалай көмектесуге болатынын қарап, ізденіп жүрдім. Сонда білгенім, оларға сенімділік білдіру керек екен. Олардың 70-80 пайызы солай жазылып кетеді екен. Мен де солай ініме шабыт беріп, көмектесем деп жүргенде, ол дүниеден өтіп кетті. Сол кезде жинаған ақшамды суға ағызып жібердім. Өкініш болды, жетей алмай қалдым", - деді Нұрболат Қанай.

    Сонымен қатар әнші ағасы екеуінің ерте есейгенін айтты.

    "Дияр 7 жасар болды. Ал мен 10-11 сынып оқитынмын. Өзімізбен-өзіміз өстік. Ол кезде әкем 2-3 айлап жұмыс істейді. Дәрілердің бәрі қымбат. Әке-шешеміздің ауызына қарап отыра бермей, "Көмектесейік" деп ағам екеуІміз табылған жұмыстың бәрін істедік", - деп сырын айтты әнші.

    Сондай-ақ Нұрболат Қанай айына 2 рет қайырымдылық концерт беруді дағдыға айналдырғанын да жеткізді.

    "Бір бума ақшаны суға ағыздым": әнші Нұрболат Қанай өмірден өткен інісін еске алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.