jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Ләйлә Сұлтанқызы туған күнінде алған сыйлықтарын көрсетті (видео)

    Ләйлә Сұлтанқызы сыйлықтарын көріп жатыр
    Ләйлә Сұлтанқызы сыйлықтарын көріп жатыр. Видеодан кадр: Instagram/sultankyzy

    Қазақстандық танымал тележүргізуші, медиа менеджер Ләйлә Сұлтанқызы туған күнінде жақындарынан алған сыйлықтарын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ләйлә Сұлтанқызы туған күнінен кейін Instgram парақшасында видео жариялап, жақындарынан алған сыйлықтарын көрсетті. Бейнежазбадан тележүргізушінің үйі гүл шоқтары мен түрлі бағалы бренд заттарға толып кеткенін байқауға болады.

    Сұлтанқызы өзін туған күнімен құттықтап, ерекше сый-сыяпат табыстаған жандарға алғысын білдірді. Медиа менеджер сансыз сыйлықтарының арасындағы өзі үшін ең қымбаты қайссы екенін де айтып өтті.

    Тележүргізушіге аса бағалы бренд заттар емес, ЭҚҰ орталықта өзі көмектескен әйелдердің сыйлығы ерекше әсер қалдырған. Сұлтанқызының көмегімен аталмыш орталыққа жолдама алып, кейін балалы болған келіншектер оған отбасылық суретін сыйлаған.

    "Зере, Мирас, Алмаз, Сұлтан, Іңкәр- елдің ұл-қыздары. Рақмет! "Бала-бала деп, өзін ұмытпау керек" дегенді мен ЭҚҰ орталықтардан кейін өте қиын және ауыр қабылдаймын. Мүмкін түрлі тағдырларды көргеннен кейін шығар. 5 бала, артында отбасы ғана емес, бүтін бір текті әулет тұр. Қазақ үшін "әулет" өте қадірлі ұғым ғой. Осы балапандарымыз дүниеге келем дегенше ата-ана, отбасы, туыстардан бөлек, Алладан тілеп, уайымдаған дәрігерлерді көрдік. Құдайдың қолдауы, сіздердің тілеулеріңіз, үлкендердің батасы, біздің қор мен орталықтың арқасында дүниеге келген 5 нәрестенің жолын биылғы 17 пациентке (отбасыларға) берсін", - деп жазды Сұлтанқызы.

    Ләйлә Сұлтанқызы туған күнінде алған сыйлықтарын көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.