jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Елордада мерекелік отшашу қандай болды (фото, видео)

    Астанада 2024 жылға орай отшашу
    Астанада 2024 жылға орай отшашу. Фото: Астана әкімдігінің сайты

    Қазақстандықтар 2024 жылды қарсы алды. Сағат тілі түн жарымынан асқанда астаналықтар мерекелік отшашуды тамашалады, деп хабарлайды елорда әкімдігіні Telegram-арнасында.

    Қала тұрғындарының ыңғайы үшін жаңажылдық отшашу қаланың екі жерінде ұйымдастырылған. Отшашу демеушілік қаражат есебінен барлық қауіпсіздік ережелеріне сай жүргізілген.

    Отшашуды астаналықтар Ботаникалық бақта және "Атырау" көпіріне іргелес аумақта тамашалады.

    Жаңажылдық мерекелік отшашудан бөлек, қаладағы үш жерде қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен "Жаңа жыл түні" атты мерекелік концерттік іс-шаралар өтті.

    Концерттік бағдарламаларда "Інжу" тобы, Думан Усаев, Кулаим Қайырбаева, "ДиАрт" тобы, Алмас Кішкенбаев, Ғайни Жұмашева, Айсұлу Жак, Джордан, Сәндібек Әбуов, Ерасыл Бозаев, Auka, Бейбіт Қорған, Еркеш Хасенов, Әли Оқапов, Ayree, "Килиманджаро" тобы, Серік Ибрагимов, Әлішер Кәрімов, Ақтоты Болшова, Махамбетәлі Әбділда, Диана Исмаил, Маржан Арапбаева, Кенжебек Жанәбілов, Qanay және басқалар өнер көрсетті.

    Концерттер Қалалық алаңда, "Қазақ елі" монументінің аумағында және ЭКСПО алаңында түнгі сағат 2:00-ге дейін жалғасты.

    Елордада мерекелік отшашу қандай болды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.