jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Жаңа көлік пен 1500 раушан гүлі: Ернар Айдар анасының 60 жасын дүркіретіп атап өтті (видео)

    Ернар Айдар анасымен
    Ернар Айдар анасымен. Видеодан кадр: Instagram/ernaraidar_kz

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ернар Айдар анасының 60 жасына орай дүркіретіп той жасады. Әнші барша жақындарының алдында аяулы анасына жаңа көлік пен 1500 раушан гүлін тарту етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ернар Айдар барша ағайын-туыс, жақындарының басын қосып, анасының 60 жас мерейтойы дүркітеріп атап өткен. Өнер иесі дүбірлі тойдың қалай өткенін Instagram парақшасында көрсетті.

    Ол мерекелік шарадан әсерлі видео жариялап, қалың көпшілікті тәнті етті. Ернар Айдар той үстінде бауырларымен бірге анасына тосынсый жасап, жаңа Toyota RAV4 көлігінің кілтін табыстаған.

    Оған қоса әнші өзіне өмір сыйлаған анасына көпшілік алдында 1500 раушан гүлін сыйлаған. Алайда артынан әнші жұғысты болсын деген ниетпен барша қонақтарға гүлдерді таратып берді.

    Желі қолданушылары Ернар Айдардың анасына деген құрметін аса жоғары бағалап, жылы лебізін білдіруде.

    Жаңа көлік пен 1500 раушан гүлі: Ернар Айдар анасының 60 жасын дүркіретіп атап өтті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.