jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Сиви Махмуди мұрыны мен кеудесіне ота жасатқанын айтты

    Сиви Махмуди
    Сиви Махмуди. Фото: instagram/sivi_makhmudi

    Әнші Сиви Махмуди мұрыны мен кеудесіне ота жасатқан. Өнер иесі "Қызықты weekend" бағдарламасында денесіне өзгеріс енгізу себебін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Кішкентай кезімнен дұрыс демала алмайтынмын. Денсаулығыма байланысты шешім қабылдау керек болды. Ота жасатып, мұрынға қатысты мәселені шешкенде, Шымкентте жол апатына түсемін. Көліктің алдында отыр едім. Тура мұрыныммен соғысамын. Отадан кейін бір ай өткен кез еді. Сосын мұрыным қайта сынады.

    Көлік соғысқанда, есік ашылмай қалды. Мұрынымнан қан кетті. Есімді жинай алмай жатырмын. Ешкімге соғыспадық. Көлік арыққа кіріп кетеді. Жақын жерде жедел жәрдем бар екен. Солар көмек көрсетті. "Сынды" деді. Мен өз дәрігеріме хабарласып, Өзбекстанда қайта ота жасаттым", - деді Сиви Махмуди.

    Сонымен қатар әнші кеудесіне де ота жасатқанын жасырмады.

    "Кеудеме ота жасаттым. Ол мұрынымның алдында болды. Мен кеудемді үлкейтпедім. Бұрыннан бар дүние. Кеудеме киста шыққан. Соны алдырып, кеудемнің пішінін қалпына келтірдім. Босанған әйелміз ғой. Бірақ кеудені үлкейту деген нәрсе болмады", - деді әнші.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Сиви Махмуди күйеуімен ажырасу себебін айтқан болатын.

    Сиви Махмуди мұрыны мен кеудесіне ота жасатқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.