jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Білезік тағып, тон кигізді": Гүлзира Айдарбекова құдағиын туған күнімен ерекше құттықтады

    Гүлзира Айдарбекова құдағиына сыйлық тарту етуде
    Гүлзира Айдарбекова құдағиына сыйлық тарту етуде. Видеодан кадр: Instagram/gulziraaidarbekova

    Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова құдағиын туған күнімен ерекше құттықтап, бағалы сыйлықтарын тарту еткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    Гүлзира Айдарбекова жаңа құда-құдағиын үйіне қонаққа шақырып, оларға асқан құрметін көрсетті. Продюсер Instagram парақшасында отбасылық отырыстың видеосын жариялап, ел назарына ұсынды.

    Жұлдызды жанұя дастархан басында әңгімелесіп, түрлі ән шырқап отырды. Қонақтардан кейін келген Қайрат Нұртас көңілді кешті одан бетер қыздыра түсті.

    Оған қоса сол күні Айдарбекованың құдағиының туған күні болды. Түнгі сағат он екіден кейін күйеубаласы Заңғар оған үлкен гүл шоғын сыйлап, жұлдызды құдағиы бағалы сыйлықтарын тарту етті.

    Гүлзира Айдарбекова құдағиының қолына білезік тағып, үстіне қымбат тон кигізді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.