jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Түнде ұйқыдан қалдым": әнші Роза Әлқожа сырқаттанып қалғанын айтты

    Роза Әлқожа
    Роза Әлқожа. Фото: Видеодан кадр

    Қазақстандық танымал әнші Роза Әлқожа желіде сырқаттанып қалғанын хабарлады. Өнер иесі бүгінде арнайы шипажайда ем қабылдап жатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Роза Әлқожа денсаулығы сыр бергенін Instagram парақшасында айтты. Соңғы кезде тарап жатқан вирус жұлдызды отбасыны да айналып өтпеген. Әнші үйінде үш күн ауырып жатқан. Жағдайы жақсармаған соң, өнер иесі денсаулығын кәсіби мамандарға сеніп тапсыруды жөн көрген.

    "Денсаулық пен өмір берсін Алла баршамызға! Соңғы вирус оңай тимеді. Үйде үш күн ауырдым. Бала-шағамыз бастаған, бізді де айналып өтпеді. Жолымбет ағадан барып үш рет озонотерапия алдым. Содан "қой, өзіме қарамасам болмас" деп, Қарағандыға ұшып кеттім. Осыдан жеті жыл бұрын құрбым осы шипажайға әкелген. Содан бері жылына бір рет келіп, құрбыммен ем алушы едік.

    Былтыр келмегендіктен бе, биыл грыжа, остеохондроз, протрузия шыдатпады. Түнде ұйқыдан қалдым. Аяқ астынан жиналдым да, осы жолы құрбыма да хабарласпай өзім келе бердім. Келген соң екі күн ұйықтап, сосын жан-жаққа қарай бастадым. Адамда көңіл-күй мен денсаулық болса алмайтын қамал жоқ. Сондықтан бес күн болса да, ем алуға уақыт бөлу керек екен", - деп жазды әнші.

    "Түнде ұйқыдан қалдым": әнші Роза Әлқожа сырқаттанып қалғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.