jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Менде ғана бар": Махаббат Мүсілім Тәуекелдей күйеуі болғанын армандайтын аруларға жауап берді

    Тәкеуел Мүсілім жұбайы Махаббатпен. Фото
    Тәкеуел Мүсілім жұбайы Махаббатпен. Фото: Instagram/mahonti__

    Тәуекел Мүсілімнің келіншегі Махаббат желіде оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді. Ол жұлдызды күйеуі жайлы жан сырын ақтарып, босанудан кейінгі күйзеліске қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Махаббат Мүсілім Instagram парақшасында Тәуекелдей күйеуі болғанын армандайтын қыздарға жауап берді. Актердің келіншегі бұл тұрғыда жолы болғанын айтып, мұндай отағасы тек бір өзінде ғана бар екенін жеткізді.

    "Сіздің күйеуіңіздей жігітті қайдан тапса болады?" , - деп сауал жолдады оқырман.

    "Іздемей-ақ қойсаңыз болады. Мұндай күйеу әлемде жоқ. Менде ғана бар. Аллаға шүкір", - деп жазды Махаббат.

    Сонымен қатар Тәуекелдің келіншегі өз адамын қалай жолықтыруға болатынын айтты.

    "Бәрі бір Алланың қалауымен. Алла қаласа әлі-ақ кезіктіріп, бақытты боласыз", - деді ол.

    Оған қоса Махаббат Мүсілім босанудан кейінгі күйзеліс жайлы сөз қозғады.

    "Күйзеліске уақыт болмады. 40 күн бойы демалуға да уақытым болмапты. Әмірмен перзентханадан шыққан бойда үйге келе сала үй жинай бастағам", - деді актердің жары.

    Махаббат Мүсілімнің Stories-i
    Махаббат Мүсілімнің Stories-i. Скриншот: Instagram/mahonti__

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.