jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Концертті кейінге шегеруге мәжбүрмін": Ақбота Керімбекова қатты сырқаттанып қалғанын айтты (видео)

    Ақбота Керімбекова
    Ақбота Керімбекова. Фото: instagram.com/botakerim

    Әнші Ақбота Керімбекова жақын күндері Тараз бен Меркеде өтетін концертін кейінге қалдыруға мәжбүр болған. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында қатты сырқаттанып қалғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Тараздық, Меркелік тыңдармандар назарына! 6-7 наурызда өтетін Тараздағы, Меркедегі концерттерімді кейінге шегеруге мәжбүрмін. Байқап тұрғандарыңыздай, қатты сырқаттанып қалдым.

    "Адамның емес, Алланың дегені болады" деген рас қой. Ауырып қалғаным үшін айып етпеңіздер. Ән кеші жанды дауыста болатындықтан, алдарыңыздан өтейін дедім. Кешірім сұраймын. Жақын күндері қазақ елін аралап, сіздермен қауышатын боламын. Ел аман, жұрт тыныш болсын. Дендеріңізге саулық тілеймін. Келе жатқан мереке құтты болсын", - деді Ақбота Керімбекова.

    Сонымен қатар әнші оқырман сауалына жауап беріп, билет алған адамдардың ақшасы қайтарылатынын атап өтті.

    "Концертті кейінге шегеруге мәжбүрмін": Ақбота Керімбекова қатты сырқаттанып қалғанын айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.