jitsu gif
Шоубиз

    "12 млн теңгенің сөмкесі жолда қалды": Ерке Есмаханға тыңдарманы ерекше сыйлық тарту етті

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

    Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Ерке Есмахан мен Raim-ның Ақтөбе қаласындағы концертінде қызық оқиға болды. Кішкентай тыңдарман қыз Ерке Есмаханға ерекше сыйлық тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ақтөбе қаласындағы концерттен үзіндіні Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Онда кішкентай қыздың әншіге сөмкесін сыйлап жатқанын көруге болады.

    "Өзің ұстап жүрген сөмкең емес па? Эмоциямен беріп жіберген жоқсың ба?! Өзіңе керек емес па?! 12 миллион теңгенің сөмкесі жолда қалды. Рақмет, көп-көп. Анасы "енді қыз туыңыз" деп жатыр. Жұғысты болсын! Тілектер қабыл болсын", - деді өнер иесі.

    Желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығына тәнті болып, оған жылы лебізін білдіруде.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.