jitsu gif
Шоубиз

    Айсәуле Бақытбек неге енесімен бірге тұрмайтынын айтты (фото)

    Айсәуле Бақытбек енесімен
    Айсәуле Бақытбек енесімен. Фото: instagram.com/aissaulebakytbek

    Блогер Айсәуле Бақытбек неліктен енесінен бөлек тұратынын айтты. Ол әлеуметтік желіде оқырман сауалына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Желі қолданушысының бірі блогерден "Енеңізбен бірге тұрасыз ба?", – деп сұраған.

    Ал Айсәуле енесінің жақсы адам екенін, алайда бөлек тұрғанды қалайтынын айтты.

    "Жоқ, бөлек тұрамыз. Енем өте жақсы адам. Бірақ есею үшін, бөлек тұрған дұрыс деп ойлаймын. Әртүрлі жағдай болуы мүмкін. Бірақ бөлек тұрған дұрыс деп есептеймін. Өз үйіме өзім қалаған ыдысты таңдап, қаласам киімсіз немесе іш киімсіз билеуден рахаттанамын. Қаласам, түске дейін ұйықтаймын. Үй жинамасам да, ол үшін өзімді кінәламаймын.

    Сонымен қатар балаларға анасы мен әкесінің махаббатын көрсетіп, құшақтасып, жылы сөз айтатын отбасы үлгісін көрсету керек. Болашақта қыздарымның да ата-енесінен бөлек тұрып, өз ошағының иесі болғанын қалар едім", – деді Айсәуле Бақытбек Instagram-дағы парақшасында.

    Айсәуле Бақытбек
    Айсәуле Бақытбек сторис. Скриншот: instagram.com/aissaulebakytbek

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.