jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Ұйықтап отырған әкесімен видео жариялаған Бүркіт елді сүйсінтті

    Бүркіт әкесімен
    Бүркіт әкесімен. Фото: instagram.com/berkut_aibekjan

    Отандық танымал әнші Бүркіт желіде әкесімен түскен видео жариялап, желі қолданушыларының жылы лебізіне ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    Бүркіт әкесімен түскен ерекше видеосын Instagram парақшасында жариялады. Бейнежазбада қарияның орындықта ұйықтап қалғанын көруге болады.

    "Қария кісілер таң атпай тұрып алады. Ары-бері ауланы тексеріп, бақылап , сосын барып орындыққа отырып ұйықтап алады. Орында отырып қалғу деген әркімнің қолынан келе бермейді", - деп жазды әнші.

    Әкесі мен ұлының видеосы желі қолданушыларын сүйсінтті. Қалың көпшілік ұйықтап жатқан әкесіне тамсана қараған Бүркітке жылы лебізін білдіруде.

    "Алла мықты денсаулық берсін. Әкеңіз ертегілердегі дана қарияларды еске түсіреді", "Қарты бар үйдің берекеті күшті, қазыналы болады. Осы көріністің өзі не тұрады, асқар тауыңыз аман болсын, қызығын көрген, көңілі тыныш жандар ғой", "Айбек Айша екеуің Алланың разылығына боленіңдер. Ата-анаға деген құрмет мейрім сендердің тәрбиеңізді көрген ұл қыздарың өнеге тұтсын. Отбасыларың тіл көзден аман болсын", - деп жазуда оқырмандар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.