jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Диагнозын таба алмады": Қуандық Шәкіржанов 2 жылдан бері дертінен толық айықпағанын айтып, жан сырын ақтарды

    Қуандық Шәкіржанов студияда қонақта
    Қуандық Шәкіржанов. Фото: "Хабар" арнасы

    Танымал актер Қуандық Шәкіржанов екі жылдан бері мазасы кеткенін айтты. Өнер иесі "Мақсатына жеткендер" бағдарламасында екі жылдан бері аллергиядан айыға алмай жүргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Маған 3-4 адам көз тиген деп айтты. Тіл-көз бар дейді. Алланы ауызға алып, жақсы тілек тілеп жүрсек, қорғайтын дұға ғой. Соңғы екі жыл аллергия болып, мазасызданып кеттім. Толық жазыла қоймадым, қызарып, көзім ауырды. Диагнозын таба алмады. Кім біледі енді?", – деді Қуандық Шәкіржанов.

    Сонымен қатар өнер иесі бүгінгі таңда бөлек тұратын жұбайы жайлы айтты.

    "Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді? Өмір болғасын бәрі болады. Бұл да бір сынақ шығар. Мінезіміз жараспады ма? Балаларымның анасын сыйлаймын, құрметтеймін. Аллаға шүкір, бір ұл мен бір қыз тауып берді. Қызым бойжетті, ұлым ержетті. Оқуларын бітірді. Ары қарай әңгіме жараспады, сосын өзім бөлек тұрып жатырмын", – деді Қуандық Шәкіржанов.

    Еске сала кетейік, Қуандық Шәкіржанов алғаш рет жанұясына қатысты сырын бөлісіп, әйелімен бірге тұрмайтынын айтқан болатын.

    "Диагнозын таба алмады": Қуандық Шәкіржанов 2 жылдан бері дертінен толық айықпағанын айтып, жан сырын ақтарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.