jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Он баланың тоғызы орыс тілінде сөйлеп жүреді": Сара Тоқтамысова балаларынан қазақша сөйлеуді талап ететінін айтты

    Сара Тоқтамысова отбасымен
    Сара Тоқтамысова отбасымен. Фото: instagram.com/sarkanai

    Айтыскер Сара Тоқтамысова бүгінде үш бала тәрбиелеп отыр. Өнер иесі "Кімнің есінде" бағдарламасында балаларының қай тілде сөйлейтінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Тіл тазалығына қатысты сұрақ болса, мен ұялыңқырап жауап беремін. Үлкен ұлым айтыс десе, қазақша сөйлеу, талқылау десе тілі шұрайлы. Екінші ұлыма келгенде, "Қазақша сөйле" деп ескертемін. Бірақ есіктің алдына шығады. Баланы байлап отырмайсың ғой. Ойнап жүрген он баланың тоғызы орыс тілінде сөйлеп жүреді. Сыныпта орысша сөйлеп жүреді. Ата-аналар орыс тілінде сөйлейді. Олар орыс тілінде сөйлегесін, балалар қандай тәлім алып жатыр?

    Қазір қызыма бәрін тек қазақ тілінде қосып қоятын болдым. Бірақ бұл іске асады ма? Оның ортасы қандай болады? Оны да Құдай біледі", - деді Сара Тоқтамысова.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Сара Тоқтамысова әкесінің айтысқа келуіне қарсы болғанын айтқан болатын.

    "Он баланың тоғызы орыс тілінде сөйлеп жүреді": Сара Тоқтамысова балаларынан қазақша сөйлеуді талап ететінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.