jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ернар Айдардың БҚО-дағы концерті кейінге шегерілді

    Ернар Айдар
    Ернар Айдар. Фото: Instagram/ernaraidar_kz

    Отандық эстрада жұлдызы Ернар Айдардың Батыс Қазақстан облысындағы концерті кейінге шегеріледі. Мұның себебін әнші елдегі су тасқынымен байланыстырып отыр.

    Өнер иесі өз үндеуін Instagram парақшасында жолдады.

    "Ассалаумағалейкім, құрметті қазақ елі. Батыс өңірінде болатын ән кештерім жайлы сіздерге мәлімет айтқым келіп отыр. Еліміздегі жағдайды баршаңыз көріп отырсыздар. Сол себепті Батыс Қазақстанда болатын ән кештеріміз кейінге шегеріледі. Алдағы уақытта нақты күнін белгілеп жатсақ, сіздерге хабарлаймыз" , - деді ол.

    Эстрада жұлдызы билет алып қойған жандарды назардан тыс қалдырған жоқ.

    "Ал билет алып қойған жандар, билеттеріңізді сақтап қойсаңыздар болады. Алдағы уақытта ол жарамды болады. Сол билетпен ән кешімізге кіре аласыз. Ең бастысы, ел аман, жұрт тыныш болсын. Шуақты күндерде амандықпен кездесейік", - деді Ернар Айдар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.