jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Тең-теңімен": отандық актриса қандай жігіттер ұнайтынын айтты

    Бақытгүл Серікбаева
    Бақытгүл Серікбаева. Фото: instagram.com/bakonay_ks

    Актриса Бақытгүл Серікбаева басы бос екенін айтты. Өнер иесі "Мамский әңгіме" бағдарламасында өзіне қандай жігіттер ұнайтынын айтты, деп жазады

    "Ең бастысы, арамыздағы сыйластық, бір-бірімізді түсіне білу, екі адамның сана биігінде тоғысуы. Оның жағдайы, көлігі, үйі, жұмысы маңызды емес. Тең-теңімен деген нәрсе бар ғой. Саған кездесетін адам - сенің айнаң. Сол үшін өзімді дамытуға, мінезіммен жұмыс істеуге тырысамын. Болашақта мынадай жарым болса деп ойлаймын. Бірақ мен оған қаншалықты лайықпын? Болашақ жарыммен ішкі жан-дүниемнің сай келуі маңызды. Бұйырған адам өзі келеді. Қазір басым бос.

    "Өзім үшін бала босанып аламын" деген нәрсеге қарсымын. Әркімнің өз түсінігі бар ғой. Меніңше, ол - өзімшілдік. "Қартайғанда мен жалғыз қалмайын" деп босанып алады. Бірақ бала ше? Оның болашағын ойланбайды. Дұрыс емес деп есептеймін. Өмір болған соң, өлім де бар. Мүмкін балаң кішкентай кезінде өмірден өтіп кететін шығарсың? Ары қарай балаң кіммен қалады? Бұл нәрсеге түбегейлі қарсымын", - деді актриса.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Бақытгүл Серікбаева жан сырын ақтарған болатын.

    "Тең-теңімен": отандық актриса қандай жігіттер ұнайтынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.