jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (видео)

    Kalifarniya әйелімен
    Kalifarniya әйелімен. Фото: Instagram/kalifarniya

    Жастар арасында кеңінен танымал әнші Kalifarniya күні кеше Степногорск қаласында үлкен концерт берді. Ән кеші алдында өнер иесі қызықты жағдайға тап болды. Хитменді жергілікті такси жүргізушісі танымай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Kalifarniya-ның келіншегі Instagram-дағы парақшасында такси көлігінен видео жариялап, басынан өткен қызықты жағдайды оқырмандардың назарына ұсынды.

    Бейнежазбада такси жүргізушісі Kalifarniya-ның өнеріне жоғары бағасын беріп отырғанын көруге болады. Алайда ол әншінің хиттерін естігенімен, оның түрі қандай екенін білмейтін болып шықты.

    Такси жүргізушісі көлігінде сол Kalifarniya-ның өзі отырғанын білмей қалған. Десе де ол ерлі-зайыптыны танымай қалса да, тегін жеткізіп тастаған.

    "Kalifarniya хит әндері бар жігіт пе? Степногорскқа келді ма не? Қазір әндері керемет", - деді такси жүргізушісі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.