jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Атышулы Say Mo анасына тосынсый жасап, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    Say Mo
    Say Mo. Фото: instagram.com/say_mo__

    Жастар арасында кеңінен танылған әнші Say Mo анасының туған күнінде ерекше сыйлық тарту етіп, оны таңғалдырды. Өнер иесінің анасы мұндай сыйды мүлдем күтпеген болып шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Say Mo сыйлығын бермес бұрын анасын әлеуметтік желі үшін видео түсіруге көндіреді. Әнші ару бірнеше рет "Біз ұшамыз" деген сөзді айқайлап айтып, соңында "Біз Вьетнамға ұшамыз" дейді.

    Атышулы әнші жақында шетелге саяхаттауға баратынын хабарлағанда анасы қатты таңғалып қалады. Ол тіпті жұлдызды қызы әзілдеп тұр деп ойлап қалған.

    "Біз жақында Вьетнамға барамыз. Аанашым, туған күніңмен! Өмір үшін, қолдауың үшін алғысым шексіз. Өткен жылы анашыма лазерлік коррекция сыйладым. Ал енді биыл оның көздері жаңа ел көруі керек деп шештім. Вьетнамға дейін анашымды Доминиканаға, Грузияға, Түркияға, Мәскеуге және екі мәрте Мысырға апарғанмын", - деп жазды өнер иесі.

    Атышулы Say Mo анасына тосынсый жасап, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.