"Егіз лебіз" жобасының жеңімпазы анықталды
Опубликовано:

"Qazaqstan" ұлттық арнасынан "Егіз лебіз" музыкалық жобасының жеңімпазы анықталды. Бұл туралы телеарнаның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Сенбілік прайм-тайм уақытында отандық арналар арасында ең көп көрермен жинайтын "Егіз лебіз" жобасы аяқталды. 12 өнерлі жұптың ішінен Дастан Оразбеков пен Гүлнар Силбаева жұбы жеңімпаз атанды", - деп жазады "Qazaqstan" ұлттық арнасы.
Олар финалда "Rolling in the deep" және "Сен" әндерін орындады.
Финалдық бәсекеде өнер көрсеткен Қазыбек Құрайыш пен Зарина Кармен 2-орын иеленсе, Тұрар Ыдырыс пен Ақнұр Рахат 3-орынды иеленді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2110842-egiz-lebiz-zhobasynyng-zhengimpazy-anyqtaldy/