jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Әнші екенімді ұмытпайын": сахнадан көрінбей кеткен Сырым Исабаев ел алдына шықты (видео)

    Сырым Исабаев ән айтып тұр
    Сырым Исабаев ән айтып тұр. Видеодан кадр: Instagram/syrym__isabaev

    Ұзақ уақыт бойы сахнадан көрінбей кеткен Сырым Исабаев ел алдына шығып, ән шырқады. Желіде өнер иесінің видеосы тарап, елдің ыстық ықыласына ие болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Сырым Исабаевтың отырыста ән айтып жатқан видеосы Tik-Tok желісінде тарап кетті. Бейнежазбаны әншінің өзі де Instagram-дағы парақшасына жүктеп қойған.

    Белгілі болғандай шоу-бизнес жұлдызы сыныптастарының 20 жылдық кездесуінде өнер көрсеткен. Исабаев көңілді кеште репертуарындағы "Мен сені сүйеді екем" атты әнін орындаған. 

    "Өзімнің әнші екенімді ұмытайын деппін. Бар болайық. Осындай видеолар келіп тұрады", - деген жазба қалдырды әнші.

    Желі қолданушылары өнер иесіне жылы лебізін білдіріп, одан көп әндер күтетінін жарыса жазуда.

    "Ерекше әнші ғой. Аман болыңыз, бар болыңыз", "Жоғалып кете бермей, осылай өнер көрсетіп тұрсаңызшы", "Сахнаға қайтадан жарқ ете қалғаныңызды күтіп жүрміз", "Сахнаға оралыңыз, аға. Сіздің әндеріңізді сағындық", "Қайда жүрсіз? Қайда болдыңыз? Ағасы қоңыр дауысыңызды тыңдап өстік. Сағындық", - деп жазуда оқырмандар.

    "Әнші екенімді ұмытпайын": сахнадан көрінбей кеткен Сырым Исабаев ел алдына шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.