jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Неке жүзігін тақпаймын": Артур Төлепов отбасылық өмірі туралы бар шындықты айтты

    Артур Төлепов
    Артур Төлепов. Фото: instagram.com/arturtolepov

    Қазақстандық танымал актер Артур Төлепов отбасылық өмірі туралы айтып, ел көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Өнер иесі бүгінде той-томалақтарға жалғыз өзі барып, неке жүзігін тақпай кетуінің себебін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Артур Төлепов отбасылық өмірі қалай өтіп жатқанын Анна Данченкоға берген сұқбатында айтты. Актер бүгінде келіншегімен тату-тәтті өмір сүріп жатқанын айтты. Өнер иесі отбасылы болса да, неке жүзігін тақпауды жөн көрген.

    Сонымен қатар Төлепов перзенттері туралы айтып өтті. Сөзінше, екі ұлы да бауыры Асылхан Төлеповке қатты ұқсайды екен.

    "Тойда жалғыз жүрмін. Неке жүзік тақпайтын болдым. Себебі үйленгелі жүзікті үш рет жоғалттым. Жүзікті шешіп, қайта тағатын әдетім бар. Солай жүргенде үш рет жоғалтып, үш рет таптым. Сосын келіншегім өзі "айналайын, тақпай-ақ қойшы" деді. Әйелім ондайға ренжімейді. Отасқанымызға биыл алты жыл болды. Екі балапанымыз бар. Үлкені бесте, кішісі үшке толады. Екі балам да қызығушылық жағынан Асылханға ұқсайды. Төбелес жақсы көреді. Маған тартпаған. Бірақ кіші ұлымның түрі маған ұқсайды", - деді Төлепов.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.