jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Неге жақсылық жасамадым": актер Азамат Сатыбалды марқұм әкесін еске алды

    Азамат Сатыбалды
    Азамат Сатыбалды. Фото: brod.kz

    Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-ның президенті, танымал актер Азамат Сатыбалды марқұм әкесін еске алып, желіде әсерлі жазба жариялады. Өнер иесі өміріндегі ең үлкен өкініші туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Азамат Сатыбалды Instagram-дағы парақшасында әкесіне жазба арнап, оның қайтыс болған күні туралы айтып берді.

    Өнер иесі өміріндегі өкініші жайлы сыр шертіп, ата-анасы бар жандарға ақылын айтты.

    "Бүгін әкемнің өмірден өткен күні. Осыдан төрт жыл бұрын, дәл осы күні кешкі сағат сегіздерде әкем бізбен қоштасты. Жандарыңыз жәнәттық болсын асқар тау әкешім, аяулы анашым. Дүниеде әкеңе еркелеуден асқан бақыт барма. Көп нәрсе жазғым келеді, бірақ сағыныш деген сезім алқымдап тұншықтырып тұр. Әке-шешең өмірден өткенде екі өкініш қалады. Неге жақсылық жасамадым? Жасасаң, неге бұдан да көп жасамадым екен? деген.

    Ата- анасы мына өмірде барлар, қандай бақыттысыңдар. Бағалаңдар. Жақсы көріңдер. Беттерінен қайта-қайта сүйіңдер. Сыйлық жасаңдар. Жағдайын сұраңдар. Көңілдерін көтеріңдер. Барынша батасын алыңдар. Бақыт батада", - деп жазды Азамат Сатыбалды.

    "Неге жақсылық жасамадым": актер Азамат Сатыбалды марқұм әкесін еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.