jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Денем тітіркеніп кетті": Димаш Құдайберген мен танымал виолончельшінің видеосы елді тәнті етті

    Димаш Құдайберген мен Степан Хаусер
    Димаш Құдайберген мен Степан Хаусер. Видеодан кадр: instagram.com/ kudaibergenov.dimash

    Димаш Құдайберген танымал виолончельші Степан Хаусермен бірге өнер көрсетіп, көпшілікті тәнті етті. Ол видеосын Instagram желісіндегі парақшасына жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Халық әртісі видеода танымал SOS әнін орындаған. Ал әнді хорватиялық виолончельші Степан Хаусер сүйемелдеген. Видео үш күннің ішінде 4 млн-ға жуық қаралым, 15 мыңдай пікір жинады.

    Ал мұны көрген көпшілік әншінің астына түрлі пікір жазып қалдырды. Қазақстандықтар Димаш Құдайберген әлемде теңдесіз әнші екенін, отандасымыздың талантына тамсанбасқа болмайтынын жазды. Өнер иелеріне таңдай қаққандар арасында шетелдіктер де аз емес.

    "Әлем әншісі", "Сингапур, керемет ән, керемет әншілер", "Димаш, сізді тыңдаған соң өмір сүргім келеді", "Денем тітіркеніп кетті", "Керемет дуэт", "Мұндай жоғары ноталарды айта алатын ер адамдар жоқтың қасы", "Аргентинаға келсе екен, мұндай ғажайыпты тыңдау үшін соңғы тиыныма дейін берер ем", "Басқа ғаламшардан келген сияқты", "Таңғажайып дауыс", "Адам баласынан осындай таза дыбыс шыға ма, бұл не деген ғажайып?", - деп жазды олар.

    "Денем тітіркеніп кетті": Димаш Құдайберген мен танымал виолончельшінің видеосы елді тәнті етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.