jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Мал бағуымыз да мүмкін еді": әнші Жазира Байырбекова отбасылық өмірінің алғашқы жылдары туралы айтты

    Жазира Байырбекова
    Жазира Байырбекова. Видеодан кадр: youtube.com/@momskiy_angime

    Әнші Жазира Байырбекова жас кезінде басынан өткен оқиғаларын әңгімелеп, отбасылық өмірінің алғашқы жылдары туралы естелігін баяндады. Бұл туралы өнер иесі Мамский әңгіме жобасына берген сұқбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Сұқбатта әнші 18 жасында тұрмысқа шығып, ауылда тұрып, ененің қатал тәрбиесінен өткенін әңгімелеп берді.

    "Ауылда жүрген кезде бәріне көніп жүрдім. Жұмыссыз болдық бәріміз. "Жанболат пен Жазира мал бақтыратын шығармыз" деді. Үлкендер не айтса солай болады. Мал бақтырамыз дегенде, қай ыдысты алып кетсем екен деп жүретін едім", - деп еске алды әнші сұқбатта.

    Өнер иесінің сөзінше, тұңғышы Қазбектің кішкентай кезінде ойыншық сатып алуға қаражат болмаған.

    "Қазбек мектепте оқып жүргенде айтамын. Біздің мал бағуымыз да мүмкін еді. Өзіміздің емес, жұрттың малын. Сен малшының баласы да болуың мүмкін еді. Сондықтан "мұндай жерде тұрмас едім, деп айтуға болмайды" деймін. Менің кез келген жерде тұруым мүмкін еді. Адам ешқашан "олай етпес едім, мұндай тұрмас едім" деп айтуға болмайды... Алла Тағала бізді осы жолға әкеліп, бәрін реттеп, "сенің өмірің мынау деп көрсеткендей" болды. Қазір 45 жастан асқанда өмірдің өмірдің бақытын, рахатын енді көріп бастаған сияқтымын", - дейді әнші Жазира Байырбекова.

    "Мал бағуымыз да мүмкін еді": әнші Жазира Байырбекова отбасылық өмірінің алғашқы жылдары туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.