jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Ажырасқан қыз деген атқа қалдым": Ерке Есмахан өткен өмірі туралы сыр шертті

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде жеке өмірі туралы жан сырын ақтарып, Раймға тұрмысқа шыққанға дейін қандай қорқынышы болғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен сырласып, өткен өмірін сөз етті. Әнші отбасылы болғанға дейін жеке өмірі түрлі сынақтан өткенін жасырмады.

    "Менің жеке өмірім түрлі сынақтардан өткенін жақсы білесіздер. Бірінші некем сәтсіз болды. "Ажырасқан қыз" деген атқа қалдым. "Жалғызбасты ана" атандым. Көп ұшып, дұрыс ұйықтамай, тамақты уақытылы ішпей, денсаулығым сыр берді. Өмірімде баланс болмады. Ақшаны жақсы тапсам да, ертеңгі күніме сенімсіз болдым", - деп жазды шоу-бизнес жұлдызы.

    Оған қоса ол жалғыздықтан қорыққанын жасырмады.

    "Тек Муслимнің анасы болып қаламын ба?", "Тағы да ана боламын ба?", "Екінші рет тұрмыс құра аламын ба?", "Мен шын сүйетін, қолдап, қорғайтын өмірлік жолдас кездеме ме?" деген ойдың жетегінде жүрдім. Ішкі жарамды жасыру үшін жылтырақ киіп, қаттырақ күліп, жалғыз қалудан қорқып, адам көп жерде жүріп әлек болдым", - деп жазды Ерке.

    Ерке Есмаханның Stories-i
    Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

    "Ажырасқан қыз деген атқа қалдым": Ерке Есмахан өткен өмірі туралы сыр шертті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.