Шоубиз

Зектілері

"Тек сахнада бақытты адаммын": Мақпал Жүнісова өмірі туралы жан сырын ақтарды

Жарияланған күні:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: www.instagram.com/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мақпал Жүнісова ауқымды сұқбат беріп, өмірі туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі тек сахнада ғана өзін бақытты сезінетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова осы күнге дейін өзін халықтың шексіз махаббаты алып келе жатқанын алға тартты. Әнші үйіне келгенде басқалар сияқты жылайтын да, күлетін де кездері болатынын жасырмады.

"Қанша мықты әйелмін десең де, нәзік екеніңді кейін сезесің. Бәріне шыдау мүмкін емес. Біз де адамбыз ғой. Кейін бәрі жақсы болар. Ақиқат ашылып, соған куә болып, немеремді құшақтап отыруды елестетемін, армандаймын. Жалпы менің өмірім осы нерім ғой. Мен тек сахнада бақытты адаммын. Үйге келген соң барлық адамдар секілді жылайтын, ойлайтын, күлетін кезім болады. Бірақ шынайы халықтың махаббаты мені осы күнге дейін алып келе жатыр. Менің тыңдармандарым менің жанымды жақсы түсінеді, жаман жерімді байқамайды", - деді өнер иесі Дина Төлепбергенге берген сұқбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2197856-tek-sahnada-baqytty-adammyn-maqpal-zhunisova-omiri-turaly-zhan-syryn-aqtardy/