Шоубиз

Зектілері

"Ешкімнің басына бермесін": бостандыққа шыққан Асқар Жұмабек желіде жаңа видео жариялады

Жарияланған күні:

Асқар Жұмабек
Асқар Жұмабек. Фото: Instagram/askarzhumabeqov

Бірер күн бұрын ғана бостандыққа шыққан актер Асқар Жұмабек желіде жаңа видео жариялап, басына іс түскенде өзіне қолдауын аямаған жақындарына алғысын айтты. Өнер иесі ата-анасына ерекше сыйлық жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асқар Жұмабек Instagram-дағы парақшасында абақтыдан шыққан соң, үйінде жақындарымен бас қосқан сәтті көрсетті. Актер өзі үшін ауыр кезеңде қасынан табылып, қолдау білдірген жақындарына алғысын айтты.

"Бүгін жақындарым, достарым келіп отыр. Барлығыңа Алланың нұры жаусын, маған жақсылықтарың өздеріңе екі еселеніп қайтсын. Жақсы күндеріміз көп болсын. Ешкімнің басына түспесін, мұндай сынақпен ешқаймыңызды сынамай-ақ қойсын. Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін. Барлықтарың жүгірдіңдер. Білемін. Сендерге басымды иіп тұрып, рақмет айтамын. Папа, мама, бауырларым сіздерге де рақмет! Бауыр деген орны бөлек. Сіздерге деген ризашылығым шексіз. Бәрі жақсы болатынына 200 пайызға сенімдімін", - деді өнер иесі.

Сөз соңында Асқар Жүмабек ата-анасына қазақи үлгідегі шапан сыйға тартты.

Айта кетейік, танымал актер былтыр қазан айында ұсталып, Алматы қаласындағы №2 Бостандық ауданы сотының шешімімен сотталған болатын.

2022 жылдың 28 желтоқсанында Алматы қаласындағы караоке-барлардың бірінде қонақтар мен мекеме қызметкерлері арасында жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан. Оның ішінде белгілі актер Асқар Жұмабек те болған.

Соттың шешімі бойынша, оған бұзақылық жасады, адамдардың денсаулығына қасақана ауыр және орташа зиян келтірді деген айып тағылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2198969-eshkimning-basyna-bermesin-bostandyqqa-shyqqan-asqar-zhumabek-zhelide-zhanga-video-zhariialady/