jitsu gif
Шоубиз

    "Атымды дұрыс жазбаған": әнші Ильхан "Меломен" тобымен болған жағдайды айтты

    Ильхан Ихсан
    Ильхан Ихсан. Видеодан кадр: Youtube/Marat Oralgazin

    Жастар арасында аса танымал әнші әрі сазгер Ильхан Ихсан отбасылық өмірі туралы сыр шертіп, келіншегін көпшілікке көрсетуінің себебі бар екенін айтты. Оған қоса өнер иесі "Меломен" тобымен болған ыңғайсыз жағдайды баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ильхан Ихсан "Қызық Times" бағдарламасында қонақта болып, отбасын құрғанын неге көпшілікке жария еткенін түсіндірді.

    "Үш ай бұрын отбасын құрдым. Мен негізі әйелімді еш жерде көрсеткім келмеген. Сондай ой болды. Көз тиеді деген сөздер болды. Қасымдағы блогер достарым "шум" болады деп айтып еді. Олай болмай қалды. Блогерлердің айтқаны шықпады. Үйленгенімді пайдаланып, трек шығармақ болғанмын", - деді әнші.

    Оған қоса Ильхан Ихсан "Меломен" тобымен болған жағдай туралы айтып берді.

    "Колледж оқып жүргенде "Меломен" тобына ән сатқанмын. Сосын кейін бір сайттан қарасам, атымды дұрыс жазбапты. Соны скриншот жасап, Қайрат Мырзахановқа жібердім. Ол кісі "Шатасып кетіппіз, келесі жолы тағы ән бергенде атыңды дұрыс жазып жібер" деді", - деп айтты сазгер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.