jitsu gif
Шоубиз

    "Жүрістеріне дейін бірдей": Қожаның рөлін сомдаған екі актердің ұқсастығы елді таңғалдырды (видео)

    Нұрлан Сегізбаев пен Айқын Елубай
    Нұрлан Сегізбаев пен Айқын Елубай. Видеодан кадр: Instagram/zhuldyzdy_news

    "Менің атым Қожа" фильмі арқылы көпшілікке танылған актер Нұрлан Сегізбаев аңыз киноның жаңа нұсқасында Қожаның рөлін сомдаған Айқын Елубаймен кездесті. Қалың көпшілік қос актердің өзара ұқсастығына қатты таңғалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Екі Қожаның кездескен сәтінің видеосы Instagram желісінде тарап кеткен. Бейнежазбада Нұрлан Сегізбаев пен Айқын Елубайдың серуендеп келе жатқанын көруге болады.

    Желі қолданушылары аталмыш видеоны бірден қызу талқылап, екі Қожаның бір-бірінен айнымайтынын жарыса жазды.

    "Адамдар осыншалықты бір-біріне ұқсауы мүмкін екен ғой", "Жүрістеріне дейін бірдей", "Қалай бір-бірінен айнымайды", "Түрлері де , жүрістері де ұқсайды", "Нұрлан ағаның бала кезі ғой тура", "Тарихи сәт, екі Қожа кездесті", "Қалай бір-біріне қатты ұқсайды", - деп жазуда оқырмандар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.