"Сүйінші, ағайын": қуаңшылық кезінде батыс өңірлерге шөп тасыған Құрмет Талапқазы шаңырақ көтерді
Жарияланған күні:

2021 жылы жаз бойы қуаңшылықтан зардап шеккен аймақтарға шөп тасыған Құрмет Талапқазы шаңырақ көтерді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Құрмет Талапқазы Instagram-дағы парақшасында өміріндегі маңызды жаңалықты айтып, оқырмандарынан сүйінші сұрады.
"Сүйінші ағайын, көптен күткен өмірдегі бір қуаныш, бір қайғы, бір парыз – махаббатыммен некемді қидым, құтты болғай", - деп жазды ол парақшасында.
Желі қолданушылары Құрметке ақ тілегін жаудырып, батасын беріп жатыр.
"Құтты болсын! Баянды бақ тілеймін сіздерге", "Бақытты, баянды ғұмыр кешіңдер", "Өзің сияқты намысты қазақтың азаматтарын көбейте бер інім", "Қайырлы неке болсын. Бақытты болыңдар", "Құрмет, айналайын, бақыттарың баянды болсын! Денсаулық, сәттілік болсын әркез. Абыройлы, үбірлі-шүбірлі ,бай-қуатты болыңдар! Әмин!", - деп пікір қалдырды олар.
Еске сала кетейік, 2021 жылы Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны Құрмет Талапқазы еліміздің батысындағы қуаңшылыққа тап болған малды ауылдарға жем-шөп жіберу үшін бүкіл жұмысын тастап, қоғамдық бастамаға мұрындық болған еді. Кейін оның бастамасына Ауыл шаруашылығы министрлігі құлақ асып, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясын көмекке тартқан болатын.
Кейін Құрмет Талапқазыға Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін білім алу мүмкіндігі берілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2217431-suiinshi-agaiyn-quangshylyq-kezinde-batys-ongirlerge-shop-tasygan-qurmet-talapqazy-shangyraq-koterdi/