jitsu gif
Шоубиз

    "Сүйінші": Анна Данченко әнші Кәмшат Жолдыбаеваға қатысты жақсы жаңалықты бөлісті

    Кәмшат Жолдыбаева
    Кәмшат Жолдыбаева. Фото: instagram.com/kamshat__zholdybayeva

    Танымал тележүргізуші Анна Данченко әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаеваға қатысты жақсы жаңалықты бөлісіп, желідегі оқырмандарынан сүйінші сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Ал, сүйінші! Сүйікті әнші қыздарыңыз Кәмшат Жолдыбаева қызды болды. Бауы берік болсын! Жұғысты болсын!" - деп жазды Анна Данченко Instagram аккуантындағы stories-та.

    Ал Кәмшат Жолдыбаева мен актер Ғазрет Қажымұқанұлы әзірге сүйінші жаңалыққа қатысты желі парақшаларында ешқандай жазба жарияламаған.

    Естеріңізге сала кетейік, әнші Кәмшат Жолдыбаева мен актер Ғазрет Қажымұқанұлы 2023 жылы отбасын құрған еді. Кейін актер махаббат хикаялары сериал түсірілімі кезінде басталғанын айтқан болатын. Кейінгі кезде әнші сахнадан да, әлеуметтік желіден де көрінбей кетті, ал желідегі аккуантында әйелдер психологы екені жазылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.