jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Күндіз-түні тілеймін": Мейіржан Төребаевтың анасы ұлы туралы айтып, көз жасын жасыра алмады

    Мейіржан Төребаевтың анасы
    Мейіржан Төребаевтың анасы. Фото: youtube.com/@Qstargroup

    Вайнер әрі блогер Мейіржан Төребаевтың анасы мен жары Дана Есеева Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат беріп, отбасы, келіндік өмірі туралы сыр шертті. Эфир кезінде вайнердің анасы ең үлкен арманы туралы айтып, көзіне жас алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ләйлә Сұлтанқызы Мейіржанның анасы Сұлухан Төребаеваға нені армандайтыны туралы сұрақ қойды.

    "Арманым - ішімде. Мейіржанымның шыққанын күндіз-түні тілеймін. Отбасына келсе екен тезірек. Баламды өте жақсы білемін. Балам ешкімді алдамайтын, ешкімнің ала жібін аттамайтын адам. Қайта мен біреу туралы бірдеңе деп пендешелікпен айтып қалсам, "айтып отырғаныңыз не, мама? Намаз оқисыз ғой", деп отыратын. Біреуге жаман айтқанды қаламайды, біреуді сөз еткенді қаламайды.

    Құдайға шүкір, қырыққа келді. Осылардың отбасы аман болсын. Екеуі бақытты болып, бір жастыққа қартайғанын тілеймін. Өте ризамын, балама да, келініме де. Бес бала қасымда. Бәрі менің жанымда азаннан кешке дейін. "Айналайын" деген сөзімді сағынып келеді. Соны естіп өскен. Мен бақыттымын. Артымда ахар-шахар боп қалсын. Ризамын, бақыттымын", - дейді ол.

    Бұған дейін Мейіржан Төребаевтың жары келіндік өмірі туралы сыр шертіп, орамал тағып, сәлем салу өзіне еш қиындық туғызбайтынын айтқанын жазған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.