jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Жаңа жасы жаңа үйде": Раймды туған күнімен құттықтаған Ерке Есмахан жаңа үйін көрсетті (фото)

    Ерке Есмахан мен Райм отбасымен
    Ерке Есмахан мен Райм отбасымен. Фото: .instagram.com/erke_esmahan

    Белгілі әнші Райм туған күнін отбасымен жаңа үйде қарсы алды. Бұл туралы оның жұбайы Ерке Есмахан Instagram желісінде айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Раймды жаңа жасымен құттықтаған Ерке :"Жаңа жасын жаңа үйде қарсы алдық", - деп жазды.

    Сонымен бірге бұл үйде өздері тұрмайтынын, жаңа шаңырақ балаларына арналып сатып алынғанын мәлім етті.

    Райм жаңа үйінде. Фото
    Райм жаңа үйінде. Фото: instagram.com/erke_esmahan/

    "Туған күн, жаңа қоныспен құттықтап жатқан тілекші жандарға мың алғыс. Айтқандарыңыз келсін. Жақсы сөздеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын. Бұл үйде тұрмаймыз, күйеуім ұлдарыма өскенде деп алып қойып жатыр. Алла сол күнге жеткізсін. Ал мен вилланы күтемін. Ештеңеге асығыс жоқ. Шүкір", - деп жазды әнші.

    Еске салсақ, қазақстандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Раймның отбасында жуырда үшінші сәби өмірге келеді. Бұған дейін ерлі-зайыпты тағы да балалы болатынын хабарлаған.

    Ерке Есмаханның жаңа үйі
    Ерке Есмаханның жаңа үйі. Фото: instagram.com/erke_esmahan

    "Жаңа жасы жаңа үйде": Раймды туған күнімен құттықтаған Ерке Есмахан жаңа үйін көрсетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.