"Енесінің копиясы": танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев келін түсірді (видео)
Жарияланған күні:

Танымал әзілкеш, "Алдараспан" театрының директоры Нұржан Төлендиев келін түсірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Желіде тараған видеолардан Төлендиев тұңғышын үйлендіріп, дүркіретіп той жасағанын байқауға болады. Қуанышты жаңалықты елімізге танымал жұлдыздар да бөліскен.
"Атақты сатира майталманы Нұржан Төлендиев ағамыз бізге қолқалап, жар-жар әнімен тұңғыш ұлым мен келінімді сіздер алып шықсаңыздар, "жолдарыңызды берсін деп ырымдадық", деп мәртебемізді асырды", - деп жазды әнші Қарлығаш Сұлтанша Instagram-дағы парақшасында.
"Келінжанның қадамы құтты болсын! Әрбір үйде тек қуаныш болсын! Келін алып, қыз ұзатайық!" - деп жазған әнші Жазира Байырбекова Instagram-дағы парақшасында беташар сәтінен видео жариялаған.
Видеодан жаңа түскен келінді ортаға әншінің өзі алып шыққанын көруге болады.
Ал желі қолданушылары құтты болсын айтып, келіннің енесінен айнымайтынын жарыса жазып жатыр.
"Құтты болсын! Барлығымызға осындай әдемі той жұғысты болсын!", "Келін енесіне ұқсайды екен, жастар бақытты болсын!", "Енесінің копиясы", "Келін 100 пайыз енесіне ұқсайды екен", "Келін ененің топырағынан деген рас! Бақытты болсын!", "Келіннің аяғы жеңіл болсын, құтты келін болсын!", "Нұреке, келініңіз құтты болсын, бақыты баянды болсын", - деп жазған желі оқырмандары.
Айта кетейік, Нұржан Төлендиевтің қуанышын бөлісуге Мақпал Жүнісова, Маржан Арапбаева, Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Ғазизхан Шекербеков, Заттыбек Көпбосынұлы сынды елімізге танымал әншілер келген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2239353-enesining-kopiiasy-tanymal-azilkesh-nurzhan-tolendiev-kelin-tusirdi-video/