jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Димаш Құдайбергеннің қарындасы кімге тұрмысқа шығатыны белгілі болды (видео)

    Раушан Құдайберген
    Раушан Құдайберген сүйіктісімен. Видеодан кадр: instagram.com/raushan_kudaibergen

    Әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің сүйіктісі кім екені белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әншінің қарындасы Instagram желісіндегі парақшасында сүйіктісімен түскен видео жариялады.

    Сырға салу рәсімінде түсірілген кадрлар Раушан Құдайбергеннің желідегі оқырмандарын бей-жай қалдырмады. Желі қолданушылары екі жасқа ақжарма тілегін жаудырды.

    "Бағың ашылсын , Раушан қыз! Таңдаған азаматыңмен бақытты бол", "Күйеу бала Димашқа ұқсайды екен, бақытты болыңдар, Раушан қыз", "Жүрегіңіздің иесі осы жігіт екен! Бағыңыз ашылсын, Раушан ханым. Бақытты болыңыздар", - деп пікір қалдырды олар.

    Видеоға Раушан Құдайбергеннің сүйіктісі – Астана қаласының Музыкалық жас көрермен театрының актері Ермахан Аймахан да жүрекше түріндегі эмодзимен пікір қалдырған.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің қарындасына сырға салынғанын хабарлаған едік.

    Димаш Құдайбергеннің қарындасы кімге тұрмысқа шығатыны белгілі болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.