Нұрлан Еспановтың ұлы сүйіктісімен заңды некеге тұрды (фото)
Жарияланған күні:

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов сүйіктісімен ақ некесін қидырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Олжас Еспанов қуанышын Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті. Ол неке қию туралы куәлігін көрсетті, артынша мешітте мұсылманша неке қидырған сәтінен фотосуреттерді желіде жариялады.
"Бүгін некемізді Ерлан Ақатаев ұстаз қиды. Алла разы болсын, ұстаз! Қайырлы, берекелі неке болғай", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары жастарға бақыт тіледі.
"Құтты болсын", "Бақытты болыңдар", "Қадамдарыңызға гүл бітсін", - деп жазды оқырмандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2242425-nurlan-espanovtyng-uly-men-kelini-zangdy-nekege-turdy/