jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Ел алдында абыройлы болды": әнші Өмірқұл Айниязов өмірден өткен әкесіне жазба арнады

    Өмірқұл Айниязов
    Өмірқұл Айниязов. Фото: Instagram/omirkul_ainiyazov

    Әнші Өмірқұл Айниязовтың әкесі дүниеден озды. Қаралы хабарды әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әнші Instagram-дағы парақшасында әкесінің ауырмай тұрған кезі мен соңғы уақытта түсірілген видеосын жариялап, ол кісіні ақтық сапарға шығарып салғанын жеткізді.

    "Алланың қалауымен ағамды (әкем) жер қойнына тапсырдық. Пендешілікпен ерте кетті дегеніміз болмаса, шүкір. 4 баласын жеткізді, ел алдында абыройлы болды. Немересін үйлендірді, шөбере сүйді. 21 жыл күткен Айсезімді одан кейін Айсұлтанын да сүйіп кетті. Көңіл білдірген ағайынға көп рахмет. Алла алдыңыздан жарылқасын әке", - деп жазды Өмірқұл Айниязов.

    Желі қолданушылары, әншінің қайғысына ортақтасып, оған көңіл айтып жатыр.

    Сондай-ақ Айнияз Өтеген Әлиұлының қазасына байланысты Арал ауданының әкімдігі, аудандық мәслихаты, Қоғамдық кеңесі және аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері көңіл айтқан.

    "Ел алдында абыройлы болды": әнші Өмірқұл Айниязов өмірден өткен әкесіне жазба арнады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.