jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Құлықсыз болдым": 88 жасқа келген Асанәлі Әшімов актерлікке қалай келгенін айтты

    Асанәлі Әшімов
    Актер - Асанәлі Әшімов. Көрнекі сурет: bugin.kz

    Асанәлі Әшімов 88 жасқа толуына орай Jibek joly арнасындағы "Бүгін.Live" бағдарламасына сұқбат беріп, өнерге алғаш келгенде қандай сезімде болғанын айтты. Сонымен бірге ол әлі де киноға түсуге қарсы емес екенін де жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Мерейтой емес, кезекті жас қой енді. 88 деген оңай жас емес, келдік. Туған күніммен халқым, достарым құттықтап жатыр. Сіздерге рақмет. Халқыма ризамын. Туған күніңіз деп таң атқалы телефонға тыныштық жоқ. Рақмет!", - деді Асанәлі Әшімов.

    "88 жаста жаңа жобаларға шақырту алсаңыз, әлі де киноға түсуге дайынсыз ба?" деген сауалға Асанәлі Әшімов былай деп жауап берді:

    "Мен киноға түсуге дайынмын. Материал дайын болса, соны түсіретін кісілер дайын болса, мен әр уақытта дайынмын. Өнер жолына келгесін өміріміз осылай кетті ғой аяғына дейін. Жақсы материал, жақсы режиссура болса, түсуге дайынмын", - деді ол.

    Сонымен бірге ол өнер саласына қалай келгеніне де тоқталды.

    "Өкінбеймін. Басында кішкене онша құлықсыз болдым, өте махаббатпен келген жоқпын. Енді сол махаббатпен кетіп бара жатырмын ғой. Өнерді сыйлап, өнердің ұлы екенін түсініп, соның пұшпағында жүрміз ғой қазір", - деді ол.

    "Қазақ киносының болашағына қандай баға бересіз?" деген сауалға да халық артисі:

    "Енді заман өзгерді. Әр уақытта біз оптимиспіз. Алдағы уақытта жақсы жағдайлар болатын шығар деп үміттенемін. Жастар бар талпынып келе жатқан. Бір сондай уақыт болады ғой: бір төмен, бір жоғары. Өнер деген – сол. Сондықтан келешек жастарға сенемін", - деп жауап берді.

    Айта кетейік, бүгін қазақ киносы мен театрының танымал тарланы, алаштың ардақтысы Асанәлі Әшімов 88 жасқа толды.

    "Құлықсыз болдым": 88 жасқа келген Асанәлі Әшімов актерлікке қалай келгенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.