jitsu gif
Шоубиз

    Танымал ресейлік актриса қайтыс болды

    Нина Гребешкова
    Нина Гребешкова. Фото: "Бриллиантовая рука" фильмінен кадр: youtube/@Cinema-v4v

    Ресей Федерациясының еңбек сіңірген артисі, Леонид Гайдайдың жұбайы Нина Гребешкова қайтыс болды, деп хабарлайды Ресей кинематографистерінің одағына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Одақтың ресми сайтында 95 жасқа қараған шағында Ресей Федерациясының еңбек сіңірген артисі Нина Павловна Гребешкова 2025 жылдың 10 мамырында өмірден озғаны хабарланған.

    "Кәсіби актриса, драмадан комедияға дейін шеберлікпен орындайтын аса дарын иесі Нина Павловна Гребешкова өз өмірін Леонид Иович Гайдай мен оның дарынына қызмет етуге арнады. Леонид Иович өмірден өткеннен кейін Нина Павловнаның басты ісі оның мұрасын сақтауға және оның есімін ұлықтауға арналды. Ол күйеуі туралы деректі фильмдер жасаумен айналысты, шығармашылық кештер өткізді. Керемет актриса, жарқын жүзді жанның есімі ұмытылмайды", - делінген хабарламада.

    Нина Гребешкова 1930 жылы 29 қарашада өмірге келген. 130-ға жуық кинорольге түсіп, "Кавказская пленница, или новые приключения Шурика", "Бриллиантовая рука", "12 стульев" сынды фильмдерде рөлдерді сомдаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.