jitsu gif
Шоубиз

    "Маңдай терімнің жемісі": Ақбота Сейітмағамбет жаңа үйін көрсетті (видео)

    Ақбота-Нұр Сейітмағамбет
    Ақбота-Нұр Сейітмағамбет. Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

    Отандық әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жаңа үйін көрсетті. Баспанасының суретін ол Instagram желісіндегі парақшасында жария еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Әр кірпішінде – арман, әр терезесінде – үміт. Жаңа үй – жаңа тыныс, жаңа бетбұрыс. Қаншама еңбек терімнің жемісі. Құтты шаңырақ болсын!", - деп жазды ол.

    Желі қолданушылары Ақбота-Нұрдың қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін жаудырды.

    "Берекелі, қайырлы үй болсын!", "Қандай керемет! Еңбегіңіз жана берсін, берекелі мерекелі шаттыққа толы шаңырақ болсын", "Құтты болсын берекелі болсын", "Қаншама еңбек. Кішкентай қыздың үлкен жетістіктерінің бірі. Арманға адалдық пен жұмыстағы табандылықтың нәтижесі. Өз ошағыңды, өз ұяңды, өз арманыңды өз қолыңмен қалап жатсың. Алла қолдаушың болсын", - деп жазды олар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.