jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Жұбайы мен қызын перзентханадан шығарып алған Бүркіт ерекше видеоны бөлісті (видео)

    Бүркіт пен Аиша
    Бүркіт пен Аиша. Видеодан кадр: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

    Қазақстандық әнші Айбек Жансейітов (лақап аты Бүркіт - ред.) әйелі мен жаңа туған қызын перзентханадан үйіне әкелді. Кішкентай немересін көрген Бүркіттің анасы көз жасын жасыра алмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Отбасындағы қуанышты жайттың видеосын әнші желідегі парақшасында бөлісті.

    Жұлдызды жұп төртінші сәбиін у-шусыз өздері ғана шығарып алуды жөн көрген. Көпбалалы ата-ана атанған Аиша мен Бүркіттің екі ұл, екі қызы бар.

    "Ешкімге айтпай , роддомнан кетіп қалдық. Үйге келдік аман-есен! Үйге келсек, мамамның көңілі босап…" , - деп жазды әнші.

    Желі қолданушылары болса, жаңа туған сәбиге денсаулық, жас босанған анаға денсаулық тілеп, тезірек қалпына келуіне тілектестік білдірді.

    "Қуаныштарың құтты болсын! Апамызға құдай қуат берсін!", "Анаңыздай сұлу,сабырлы,ақылды болып,Аишадай күлімдеп тұратын қыз болсын,бауы берік болсын!", - деп жазды олар.

    Бұған дейін Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Бүркіт пен Аиша көпбалалы ата-ана атанғанын жазған едік. Аиша қыз баланы өмірге әкелген.

    Жұбайы мен қызын перзентханадан шығарып алған Бүркіт ерекше видеоны бөлісті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.