"Атақ өзімнен бұрын ұлдарыма керек": Дастан Оразбеков мемлекеттік сыйлық алған әріптестері туралы айтты
Опубликовано:

Jibek Joly арнасындағы "Бүгін.Live" бағдарламасына әнші Дастан Оразбеков сұхбат берді. Ол Батырхан Шүкенов жайлы естелігін бөлісіп, сыр ақтарды. Сонымен бірге әнші мемлекеттік атақ алған әріптестері уралы да пікір білдірді
Сұқбат барысында әнші әріптес ағасы Батырхан Шүкенов туралы естеліктерін бөлісті.
" Ол кісі – менің кумирім. Мен ол кісіге біраз нәрседе еліктеймін. Себебі мен ол кісімен тікелей тығыз жұмыс істеген болатынмын. Біз қателеспесем, "Препод" деген фильм болды толықметрлі. Сол жерде мен басты рөлді сомдадым да, ол кісі сол фильмнің саунд продюсері болды және де сол фильмге бірге түскенбіз. Екеуміздің диалогымыз бар, әзілдеп ойнағанымыз бар. Батырхан ағамыздың "Орда"деген топқа көзқарасы ерекше болатын. Себебі Қазақстанда кім бар десеңіз, "Орда" тобын мен ерекше атап өтетін едім" деген ой-пікірін естігенбіз. Ол кісінің сөз сөйлеуі, ортада ұстауы, өнердегі қасиеті, ерекшелігі, батылдығы, барлық жағынан алып қарағанда ең бастысы адами қарым-қатынасы, адамгершілігі өте мол кісі. Менің ойымша, біраз жастар еліктесе болады деген сенімдемін толықтай. Ол кісі өмірден өткен уақытта мен Мәскеу қаласында болдым. Мен үшін ауыр болды. Қазақ өнеріне қалдырып кеткен қолтаңбасы біздің елге әлі де талай кезеңге азық болады деген сенімдемін", - деді ол.
Дастан Оразбековке ұстаз болып, топ ашу жөнінде де сұрақ қойылды. Оған әнші былай жауап берді:
"Менің тәжірибемде бар. Мен "ТТ" деген топ құрдым, сосын қыздардан құралған "Turkiss" деген топ құрдым. Бірақ түсінгенім, мен продюсер бола алмаймын. Негізі әр адам өзінің мамандығын нақты түсінгенін дұрыс шығар деп ойлаймын. Өз пікірім. Ол үшін сен бүкіл уақытыңды соған арнауың керек. Олардың репертуары туралы ойлауың керек. Енді бір жақсы туынды келген уақытта мен өзімнің айтқым кеп тұрады анау әнді. Бірақ беру керек. Сонда бәрібір менің өзімнің шығармашылығым басым болады.
Өнер адамы үшін атақ қаншалықты маңызды деген сауалға да әнші жауап берді:
"Үйдегі өсіп келе жатқан менің ұлдарыма маңызды шығар деп ойлаймын менің атағым. Барлық әріптесіме құтты болсын дегім келеді. Қалай да болса әрқайсының жасаған еңбегі бар. Мен үшін қатты маңызды емес. Мен үшін басты атақ – халықтың ықыласы. Біреулер жасанды деп айтуы мүмкін, бірақ мен дәл осы ұстанымды ұстанамын. Егер халық қолдаса, халықтың сүйіспеншілігіне бөленсем, онда одан артық атақ жоқ. Мүмкін атамнан да дарыған шығар. Атам – ҰОС ардагері. Оған атақ берер кезде «келіп берсін» деген ғой. Келіп берсін, бермесе, бармаймын. Сондықтан да болса, болып қалатын шығар деген сенімдеміз. 27 жыл болды елімізге еңбек сіңіріп келе жатқанымызға", - деді өнер иесі.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2247891-ataq-ozimnen-buryn-uldaryma-kerek-dastan-orazbekov-memlekettik-syilyq-algan-ariptesteri-turaly-aitty/