jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Бір марқайып қалдым": қоныстой жасаған Ұланғасыр Қамиев сыйлықтың астында қалды (видео)

    Ұланғасыр Қамиев
    Ұланғасыр Қамиев пен Дәулет Үсербай. Видеодан кадр: instagram.com/ulangasyrqamiev/

    Танымал әнші Ұланғасыр Қамиев жаңадан салынған зәулім үйіне достарын шақырып, қоныстой жасады. Әнші қонақтарының әкелген сыйлығын Instagram желісіндегі парақшасында көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жақында әнші Ұланғасыр Қамиев жаңадан салынған екі қабатты зәулім үйіне көшіп келген. Ол қоныстойға достарын шақырған.

    Кейін әнші желідегі парақшасында қонақтардың қандай сыйлық әкелгенін көрсетті.

    Ұланғасыр Қамиев жариялаған видеодан әншінің досы, белгілі актер Дәулет Үсербай өзі уәде еткен тайды жетектеп алып кіргенін байқауға болады.

    "Ал, бауырым, қоныс той құтты болсын! Ұланғасыр бауырымыздың туған күнінде "үйіңе кірсең бір тай" деп уәде етіп едім. Сол бүгін сәті келіп, бауырымызға бір сәйгүлік мінгіздім. Үйленіп, осы атқа мінетін салиқалы ұрпақтарың көп болсын", - деді Дәулет Үсербай.

    Әншінің әзілкеш достары да қоныстойға ерекше сыймен келген. Олар көліктің жүк салғышынан екі қойды түсіріп, әншіге тарту етті.

    "Үйіңнің іші жанға, сырты малға толсын деген ниетпен, бір басың екеу болсын деген ниетпен бір емес, екі қой алып келдік", - дейді олар.

    Ұланғасыр Қамиев достарының ерекше сыйына ризашылығын білдірді.

    "Бір марқайып қалдым, осындай достар аман болсын", - делінген видео сипаттамасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.