"Ішіме сыймай бара жатыр": танымал әзілкеш Еркебұлан Мырзабек отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті
Опубликовано:

Танымал әзілкеш, Қызық Times бағдарламасының жүргізушісі Еркебұлан Мырзабек отбасындағы қуанышты бөлісті. Әзілкекштің үшінші ұлы дүниеге келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Балам, өмірге қош келдің! Енді менде үш ұл. Іс-сапарда, басқа елде жүріп осындай қуанышты хабар алып, мәз болып жатырмын. Бақыттымын, қуанышым ішіме сыймай бара жатыр", - деп жазды ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Желі қолданушылары Еркебұлан Мырзабектің қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін жазып жатыр.
"Бауы берік болсын, басына бақ қонған жігіт болсын!", "Өзіңізге ұқсаған еңбекқор, ақылды азамат болсын!", "Дені сау, болашағы жарқын болсын!", "Бауы берік болсын! Ел азаматы болсын! Келіншегіңізбен бақытты ғұмыр тілеймін, бақыттарыңыз еселене берсін!", "Келіншегіңіз батыр екен", - деп жазған желі оқырмандары.
Айта кетейік, Еркебұлан Мырзабек Ақерке есімді арумен 2016 жылы шаңырақ көтерген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2259198-ishime-syimai-bara-zhatyr-tanymal-azilkesh-erkebulan-myrzabek-otbasyndagy-quanyshty-zhangalyqty-bolisti/